МТРА жаңалықтары

10 млн теңге жымқырған бас есепшіге қатысты сот үкімі шықты

Айта кетейік, аталған ұйым өкілі 4 жылға жуық уақыт бойы өз атына заңсыз жалақы мен сыйақы аударып отырған. Пысықайдың қитұрқы әрекеті былтыр белгілі болды. Ал сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде оның қомақты соманы қалтаға басқаны толық әшкереленді. Наурыз айының соңында сот Әсемгүл Сәрсембаеваны кінәлі деп танып, оны 5 жылға пробациялық бақылау орната отырып, бас бостандығын шектеу туралы шешім шығарды. 10-шы сәуір күні үкім заңды түрде күшіне енді.

Жарқын Ғалымов – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:


– Айтылғандардың барлығын назарға ала отырып, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу бойынша тиісті шараларды қабылдауды ұсынамын. Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры мен оның орынбасарын қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту қажет. Сондай-ақ, басқа да құрылымдық бөлімшелердің басшыларына аталған жайт үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны жайлы түсіндіру керек. Яғни, электронды цифрлық қолтаңбаны бөтен адамға заңсыз бергендерге 43 мың 755 теңге көлемінде айыппұл салынады.

 

 

Эльмира Садвокасова