Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Петропавлда көршісінің тынышын қашырған жігіт жауапкершілікке тартылды

Назарбаев көшесіндегі үйлердің бірінде пәтер жалдаған 19 жастағы жігіт жолдастарымен отырыс жасап, музыканы қатты қойған. Ол тұрғындарға таңғы 5-ке дейін маза бермепті. Ескертуді елемеген соң полиция қызметкерлері шақыртылады. Ақыры жігіт жауапкершілікке тартылды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы – “Тыныштықты бұзу” бойынша хаттама толтырылып, 8 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Жалпы, жыл басынан бері облыс орталығында тұрғындардың тыныштығын бұзуға қатысты 800-ден астам факті тіркелген.

Алтынай Казиканова