COVID-19: Қазақстан

СҚО-дағы эпидахуал

Өңірдегі эпидахуалға тоқталсақ. Өткен тәулікте облыста 31 адам коронавирус жұқтырған. Оның 17-сінің бойында ауру белгілері анық байқалады. Қалғандары індеттің симптомсыз түріне шылдыққан.

Петропавлда – 17, Тайынша ауданында – 5, Ақжарда – 3, Қызылжарда 2 жағдай тіркелді. Ал Шал ақын, Жамбыл, Есіл, Тимирязев аудандарында 1 адамнан вирус жұқтырды. Айта кетейік, пандемия басталғаннан бері Қазақстан бойынша ауырғандардың саны 273 мыңнан асып отыр. Қазіргі күні елімізде 586 науқастың жағдайы ауыр және тағы 175-інің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, 112 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Бердимурат Баймухан