Экология

Смирново маңында 50-ге жуық бірқазан жүр

Аққайың ауданының тұрғындары дабыл қағуда. Смирново селосының маңындағы қоқыс алаңында екінші күн бойы Қазақстанның Қызыл кітабына енген бірқазандар жүр. Мұны байқап қалған жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салыпты.

Солтүстікқазақстандықтар қанаттылар қалдықтарды жеп, уланып қала ма деп алаңдап отыр. Алайда, облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы өкілдерінің сөзіне сенер болсақ, құстарға еш қауіп төніп тұрған жоқ. Олар еріген қар суынан пайда болған шалшықтарды уақытша мекен етуде. Ал азық ретінде бірқазандар балықпен қоректенеді. Сондықтан, қоқыста жатқан пакеттерді жейді деп алаңдаудың қажеті жоқ дейді мамандар.

Олег Беспалов, СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлiм басшысы:

–  Бірқазандар біздің өңірге оңтүстіктен келді. Құстар өте төзімді болғандықтан, ұзақ уақыт бойы қорексіз жүре алады. Десе де біз Аққайың ауданының мамандарымен байналысқа шықтық. Олар жағдайды бақылауда ұстауда. Егер қажет болып жатса, бірқазандарды тамақтандыратын болады.

Эльмира Садвокасова