Денсаулық сақтауCOVID-19: Қазақстан

Сәуірде 2 млн-нан астам қазақстандық иммундау шарасынан өтеді

Өткен бір аптада елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты. Бұл жайлы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елордада өткен брифинг барысында айтты.

Өсім, әсіресе, Нұр-Сұлтан мен Алматыда аса қатты байқалады. Сырқаттанып қалған жандардың 63 пайызы аталған қос қалада тіркелген.

Осы ретте иммундау шарасы да қарқын алды. Екпенің егудің алғашқы кезеңінен ел бойынша 200 мыңнан астам адам өткен. Ал екінші компонентін 80 мыңға жуық адам қабылдапты. Басым бөлігі – дәрігерлер, полиция қызметкерлері, педагогтар мен студенттер.

Алексей Цой – ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Сәуір айында 2 млн-нан астам адамға вакцина егуді жоспарлап отырмыз. Өндіруші компаниялармен келіссөз жүргізілуде. Олар жарты жыл ішінде екпенің 6 млн-нан астам дозасын әзірлеп бермекші. Бұл Қазақстан халқының 64%-ын иммундау шарасынан өткізуге мүмкіндік береді.

 

Маржан Қасымбек