МТРА жаңалықтары

Парақорлар квазимемлекеттік мекемелерде де қызмет ете алмайды

Егер ондай жағдай тіркелсе, ұйым басшысы жауапкершілікке тартылып, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Бұл шара бұрын мемлекеттік органдарда ғана жүзеге асатын. Бүгін Антикор орталығында өткен онлайн брифинг барысында мамандар “ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне” және “Қылмыстық кодекске” енгізілген бірнеше жаңашылдықты баян етті. Айта кетейік, сәуірдің 5-сінен заңға енгізілген өзгерістер аясында әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы хаттамалар жасау құзыреті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүктелді.

Нұрлан Жахин – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жемқорлыққа қарсы қызметке бірнеше жаңашылдықтар енгізілді. Ол Қылмыстық кодекс пен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңына. Бізге хаттамалар жасау құзіреті бойынша 15 бап бекітілді.

 

Бердимурат Баймухан