COVID-19: Қазақстан

Өткен тәулікте 16 солтүстікқазақстандық вирус жұқтырған

Солтүстік Қазақстан облысында кеше коронавирусқа шалдыққан 16 адам анықталды. Оның 7-еуі симптомды түрін жұқтырса, қалғандарында ауру белгілері байқалмайды.

Өңір қазір «жасыл» және «сары» аймақтардың ортасында тұр дейді мамандар. Қауіп әлі сейілер емес. Облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің мамандары індеттен сақтанудың ең тиімді жолы иммундау шарасынан өту дейді. Жалпы, сәуірдің 1-інен бастап 7 мың жерлесіміз вакцинаның алғашқы компонентін ектірген. Бұл жандардың 2 мыңнан астамы екпе егу курсын толық өтіпті.

Айнаш Сағындықова – СҚО санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің бас маманы:

– Оның ішінде 53 пайызы – медицина қызметкерлері. Педагогтар – 17, Қорғаныс министрлігі мен ішкі істер қызметі – 13, полицейлер 7,5 пайызды құрайды. Студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, созылмалы ауруы бар жандар және басқа да тұрғындар бар.

 

 

Маржан Касымбек