ТКШ

Қаланы қардан тазарту жұмыстары жалғасуда

Петропавлдық кәсіпкерлер өз аумағындағы қарды тазалауға аса құлық танытып отырған жоқ. Оған мына сандар дәлел: нақтырақ айтар болсақ, облыс орталығында 1243 іскер жан өз міндетін орындамаған. Оларға қатысты айыппұл төлеу туралы хаттама толтырылған. Айыппұл көлемі жекелей – 90 мың теңге.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары бастаған топтың 1 ай көлемінде жүргізген түсіндіру шаралары ақыры нәтиже беріп, бүгін қаладағы сауда нысандарының тағы бірінің басшылығы өз аумағындағы қарды тазалап шығарды.

Әсем Айтолла – қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

–  Барлық кәсіпкерлерге айтарымыз қазіргі кезде қала бойынша қар еруде. Жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі болмас үшін өз секторларыңыздағы қарды уақытылы тазартып отырыңыздар. Ал олай болмаған жағдайда біз әкімдік тарапын құлақтандырамыз, кейін полиция қызметкерлері айыппұл салатын болады.

 

Алдияр Айтпаев