Құқық қорғау органдары

Үш айда заңсыз айналымнан 25 келіден аса есірткі тәркіленген

Жыл басынан / өңір полицейлері 25 келіден аса есірткі тәркілеген. Заңсыз айналымнан алынған зиянды заттың 1 келісі / синтетикалық өнімге жатады. Бұл туралы / алғашқы 3 айдағы жұмысты қорытындылаған полиция департаментінің бейінді басқармасының мамандары мәлімдеді.

– Обнаружено вещество рассыпчатое, комкообразное, желтого цвета. Оперативное видео обыска УПН.

Полиция қызметкерлерімен тәркіленген өлшеп-оралған түйіншектер – “мефедрон”. Синтетикалық есірткінің бұл түрі адам ағзасы үшін өте зиянды. Оның әсері героин, марихуанадан бірнеше есеге асып түседі.

Сұлтанғазы Біләлов – СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:

– Ақпан айында жедел іс-шаралар нәтижесінде есірткінің заңсыз айналымы үшін Ақмола облысының 19 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында жалпы салмағы 41 грамм кристалл тәрізді 30 бума алынды. Сондай-ақ, тұрғылықты жерінен 82 грамм болатын 23 бума ұсақ зат тәркіленді.

Қауіпті өнімнің сатылымы ерекше форматта жүргізіледі. Саудагер-сымақтар синтетикалық есірткіні қала аумағында бірге жерге көміп жасырады не болмаса бір қуыстарға тығады. Төлемін онлайн түрде алғаннан кейін зиянды зат жасырылған мекен-жайды сатып алушыға айтады. Бұл ретте құқық қорғаушылар тұрғындарға/ белгісіз біреудің түйіншек тығып жатқанын көрсе, экрандағы нөмірлерге хабар берулерін сұрайды. Жалпы, жыл басынан облыс бойынша есірткі бизнесімен айналысқан 29 адам құрықталған. Солтүстікқазақстандық полицейлер заңсыз айналымнан салмағы 25 келіден асатын зиянды зат тәркіледі.

Эльмира Садвокасова