Спорт

“Qyzyljar” ФК 3 ұпай еншіледі

“Қарасай” стадионында өткен матч 2 де 0 есебімен солтүстікқазақстандық аяқдоп шеберлерінің пайдасына шешілді. Жерлестеріміз сапынан алдымен шабуылшы Дарко Зорич көзге түсті. Ол айып алаңына асырылған допты баспен ұрып, торда тулатты. Кейін, Шота Григалашвили – белсенді. Футболшы пенальтиді мүлтіксіз орындады. Естеріңізге сала кетейік, қызылжарлықтар бұған дейінгі ойында “Taraz”-бен күш сынасып, 1 ұпай еншілеген болатын. Теріскейліктер келесі матчты сәуірдің 10-ы күні Орал қаласында “Akzhayik” командасына қарсы өткізеді.

 

 

 

 

 

 

Байболат Култанов