COVID-19: Қазақстан

СҚО-ғы коронавирустық инфекция бойынша эпидахуал

Өткен тәулікте СҚО-да 20 адам коронавирус жұқтырды. 16 кісінің бойында аурудың нақты белгілері байқалады.

Қалғандарында – дерттің симптомсыз түрі. Жаңа жағдайлар көрсеткіші бойынша Петропавл қаласы көш бастап тұр. Облыс орталығында 12 факті тіркелген. Ал Жамбыл, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев аудандарында 2 жағдайдан анықталды. Тайынша мен Есіл аудандарында 1 фактіден тіркеліп отыр. Жалпы, ел бойынша коронавируспен сырқаттанғандардың саны 27 мыңнан асып жығылады.

 

 

 

Эльмира Садвокасова