МТРА жаңалықтары

Қазақстандықтар мамырда 13 күн демалады

Айды отандастарымыз Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлаумен бастамақ. Бұл мейрамда 3 күндік демалыс жарияланып отыр. Себебі, мемлекеттік мереке сенбі немесе жексенбіге түссе, онда демалыс тағы бір күнге ұзартылады. Артынша 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні келеді. Бұл айтулы датада тұрғындар 2 күн тынығады. Бұған Жеңіс күніне орай жарияланған демалысты қосыңыз. Нәтижесінде қазақстандықтар қатарынан 4 күн демалмақ. Жалпы, көктемнің үшінші айында 13 демалыс күні болады.

Эльмира Садвокасова