МТРА жаңалықтары

4 мыңға жуық этникалық қазақ “қандас” статусына ие болды

4 мыңға жуық этникалық қазақ “қандас” статусына ие болды. 1-ші сәуірдегі мәліметке сүйенсек, Атамекенге 3966 адам оралған.

Ал 1991 жылдан бері Атажұртқа 1 млн 74 мың адам қоныс аударған. Олардың жартысынан көбі, яғни, 75,6 пайызы Өзбекстан мемлекетінен келіпті. Сонымен қатар, 12 пайызы – Қытайдан, 5,8-і – Түркіменстаннан және 3 пайызы Моңғолия мен өзге де елдерден оралған. Атажұртқа табан тіреген қандастарымыздың көбісі республиканың оңтүстігіне қоныстанған. Мәселен, жартысына жуығы Алматы облысына тұрақтапты. Ал ең аз көрсеткіш Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі. Мұнда азаматтардың 5,4 пайызы келген.

 

 

Эльмира Садвокасова