Су тасқыны

СҚО ТЖД техника паркі тасқынға дайын

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің көлік паркі мен мамандары тасқынға сақадай-сай дайын. Қызыл судың алдын алып, салдарымен күресуге өңір бойынша 7 негізгі топ бағытталады.

Жасақтар аймақтағы ең қауіпті учаскелерге жіберілмек. Аталған шаруаға барлығы 32 бірлік арнайы техника мен 160 адам жұмылдырылады. Қосымша күш ретінде апатты болдырмауға Ұлттық Ұлан мен 66/37 әскери бөлімінен 60 сарбаз бен 3 машина тартылмақ. Айта кету қажет, бүгінде өлке бойынша жағдай бірқалыпты. Құтқарушылар су басу қаупі төніп тұрған әр ауданға мониторинг жүргізіп, ахуалды бақылауда ұстауда.

Эльмира Садвокасова