Спорт

“Қуаныш” ВК – ел біріншілігінің жүлдегері

Наурыздың 24-і мен 30-ы аралығында Павлодар қаласында волейболдан әйелдер арасындағы ел біріншілігінің ақтық кезеңі өткен болатын. Бұл сында жерлестеріміз сәтті өнер көрсетіп, қола медальға қол жеткізді. Ал 31-і күні ұжым үйге оралды. Жерлестерімізді жанкүйерлері теміржол вокзалынан құшақ жая қарсы алды. Құрама алдағы уақытта жаттығуды жалғастырып, келесі чемпионатқа дайындалатын болады.

Екатерина Михайлова – “Қуаныш” ВК капитаны:

– Бұл жеңіс бізге оңайлықпен келмеді. Еңбек пен төгілген тердің арқасында осындай жетістікке жеттік. Яғни, мынадай кубок пен медаль иеленіп отырмыз. Келесі чемпионатта бұл нәтижені жақсартуға тырысамыз. Бізге жанкүйер болып, қолдау көрсеткен жандарға алғысымызды білдіреміз!

Алдияр Айтпаев