Құқық қорғау органдары

Туған баласы анасының атына несие алған

Туған баласы анасының атына несие алған. Петропавлдық нәзікжанды полиция қызметкерлеріне белгісіз біреулердің оның атына шағын несие ұйымынан 60 мың теңге қарыз рәсімдегенін айтып жүгінеді.

Күдікке бірден нәзікжандының 31 жастағы баласы ілінген. Азамат есірткіге тәуелді, бұрын сотты болған. Анасының банк картасының пин-кодын білсе керек. Рәсімдеген ақша дәл сол карта арқылы шешіліп алынған. Жедел-іздестіру шаралары барысында петропавлдықтың аталған қылмысқа қатысы бары анықталды. Аталған факті ҚР ҚК 190-шы бабы “Алаяқтық” бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ал күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі мәжбүрлеу шарасы қолданылды.

Алтынай Казиканова