COVID-19: Қазақстан

СҚО-да соңғы тәулікте коронавирус 17 адамның бойынан табылды

СҚО-да соңғы тәулікте коронавирус 17 адамның бойынан табылды. Оның 16-сында аурудың белгілері анық байқалады.

Науқастардың басым бөлігі – петропавлдықтар. Облыс орталығында коронавирусқа 9 адам шалдыққан. Тайыншада 4 жағдай тіркелді. Ал Ақжар, Аққайың, Қызылжар, М.Жұмабаев аудандарында 1 жайттан анықталып отыр. Айта кетейік, өткен тәулікте 19 солтүстікқазақстандық індеттен құлан-таза айығып шыққан. Бүгінде өңірде ПТР зерттеулер жүргізетін 4 зертхана жұмыс істейді. Өткен бір күнде 1330 зерттеу жүргілген екен.

Эльмира Садвокасова