МТРА жаңалықтарыҚұқық қорғау органдары

СҚО-да есірткі саудалаған ер адам ұсталды

Облыста заңсыз есірткі саудалау фактісі тіркеліп, 29 жастағы ер адам қолға түсті. Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол осыдан 3 ай бұрын күдікке ілініпті.

Содан бастау тәртіп сақшылары жан-жақты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізген. 24-ші наурыз күні пысықай өз үйінде ұсталады. Оның баспанасынан есірткі салынған пакеттер мен өлшеп-оралған түйіншектер табылады. Нақтырақ айтсақ, полицейлер 350 доза марихуана мен 200 дозадан аса гашиш тәркілейді. Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Рахат Нұрахметов – Петропавл қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы:

-Жалпы салмағы 1 кг 545 грамм болатын марихуана мен 872 грамм гашиш тіркіленді. Қазіргі күні аталған фактіге қатысты тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Бердимурат Баймухан