Каратешілер ел чемпионатынан оралды

Спорт

21:03 30 Наурыз 2021

Әсем шарлар, гүлдер мен арнайы сыйлықтар. Өңір намысын абыроймен қорғаған жас спортшыларды жақындары дәл осылай қарсы алмақ. Қуаныштарында шек жоқ. Барлығы балаларының жеткен жетістіктеріне дән риза.

– Балаларымыз үшін қатты уайымдадық. Себебі, олар мұндай деңгейдегі ірі жарыста алғаш рет бақ сынады. Араларында каратемен енді айналыса бастаған ұл-қыздар бар. Жетістіктеріне қуаныштымыз!

– Немеремді күтіп тұрмын. Сайыстағы кездесулерін теледидар арқылы көрсетті. Бірақ, жекпе-жектерді көруге жүрегім дауаламады. Нәтижесін естіген сәтте төбем көкке жетті.

1 топ адамды Нұр-Сұлтан-Петропавл бағытындағы поезд көп күттірмеді. Белгіленген уақытта, белгіленген платформаға келіп тоқтады.

Вагоннан алғашқылардың бірі болып Есболат Сәрсембаев шықты. Жас спортшы бұл додада жүлдеге ілікпепті. Алайда, жауынгерлік рухымен көзге түсіп, арнайы дипломмен марапатталған. “Кеткен есені келесі жолы қайтарамын”,- дейді намысты спортшы.

Есболат Сәрсембаев – каратеші:

– Каратемен үш айдан бері айналысып келемін. Жарыстың бірінші кездесуінде айқын басымдықпен жеңіп, арнайы диплом алдым. Екінші кездесуде жеңдім. Ал үшінші айналымда тәжірибелі, жасыл белбеу иесіне есе жібердім. Келесі жарыста 1-ші орын алуға тырысамын.

Бұл жарыста Евгений Черняев та өнер көрсеткен. 9 жасар бала 27,5 келі салмақ дәрежесінде бақ сынапты. Ол татамидегі тартыста 2 қарсыласын тізе бүктірген екен. Өкінішке қарай, финалда сүрінген. Евгенийге күміс медаль бұйырды.

Евгений Черняев – каратеші:

– Чемпионатта өзімнен әлдеқайда тәжірибелі, талай жарысқа жолдары түскен спортшылармен кездестім. Әрине, басында қорқыныш болды. Алайда, қорқынышымды жарыс ұйымдастырушылары жойды. Олар “үздіктер әлем біріншілігіне барады” дегенде, бойымда сенімділік пайда болып, қайсарлықпен күрестім. Көрсеткен өнеріме көңілім толады.

Жалпы, ел біріншілігіне өңірімізден 9 спортшы барыпты. Олардың 3-еуі – күміс, ал 2-еуі қола жүлдеге қол жеткізіпті. “Алтын бұйырмаса да балалардың табандылықтарына ризамын”,- дейді бас бапкерлері Тойжан Сыздыков.

Тойжан Сыздықов – ашихара-каратеден СҚО бас бапкері:

 – Ел чемпионаты наурыздың 27-28-і күндері Павлодар қаласында өтті. Біріншілікке еліміздің 10 облысынан келген спортшылар қатысты. Менің шәкірттерім әлі жас. Мұндай ірі додада барлығы жақсы өнер көрсетті. Жеңістері алда деп білемін.

Каратешілер сәл тынығып, қайта жаттығуға кіріспек. Олар алдағы уақытта Таразда өтетін жарыста өңір намысын қорғайтын болады.

 

 

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда ардагерлер арасында бильярдтан ашық қалалық турнир өтті
“Qyzyljar” ФК 3 ұпай еншіледі
Теріскейлік боксшы Рахат Қажымұратов халықаралық турнирде топ жарды
Петропавлдық бишілер ел чемпионатында сәтті өнер көрсетті
Нұрқожа Қайпанов екі дүркін Азия чемпионы атанды
Баскетболдан облыс чемпионаты өтті
“Барс” БК ел біріншілігінің жеңімпазы атанды
Жергілікті спорттық би шеберлері 20 жүлде еншіледі
“Қуаныш” ВК ел чемпионатын жүлдемен аяқтады
Муай-тайдан өткен жарыста теріскейліктер 6 медаль еншіледі
Жүлдегерлерге құрмет көрсетілді
“Qyzyljar” ФК елордалық “Astana”-ға есе жіберді