МТРА жаңалықтары

Әкесі мен баласы заңсыз аңшылық үстінде ұсталды

Әкесі мен баласы заңсыз аңшылық үстінде ұсталды! Оқиға осыдан 2 күн бұрын Қызылжар ауданында орын алды. Ауыл маңынан өтіп бара жатқан полиция қызметкері жолдың шетінде тоқтап тұрған темір тұлпарды көреді. Тәртіп сақшысы көмек керек болар деген оймен машина иесіне барады.

Не болғанын сұраған кезде 64 жастағы ер адам «Көлігім сынып қалды, бірақ қазір балам қажетті бөлшекті алып келеді» деп жауап берген. Кейін құқық қорғаушы сібір елігін сүйреп келе жатқан ер адамды көреді. Дереу жедел тергеу тобын шақырып, етті тәркілеп алады. Сонымен қатар, көліктің ішінен 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы мылтық та табылған. Аталған факті бірден ҚР ҚК 337-ші бабы, яғни «Заңсыз аң аулау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-терсерулердің біріңғай тізіліміне енгізілді.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан