Білім

4-тоқсанда өңір оқушылары қалай білім алады

Санаулы күннен кейін 4-ші тоқсан бастау алады. Облыс “жасыл аймақта” болғандықтан оқыту форматы сәл өзгермек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтылды. Оқушы саны 300-ден аспайтын оқу ошақтары қалыпты режимдегі жұмыстарына оралмақ. Ал қалған мектептердегі ұл-қыздар болса, әлі де аралас форматта білім алады.

Гүлмира Кәрімова – СҚО білім басқармасының басшысы:

– Бұл ретте алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, қазақ, орыс, шет тілдері сияқты негізгі пәндердің 70 проценті – мектепте, ал 30 проценті – көркем әдебиет, еңбек, өзін-өзі тану сынды сабақтар мен факультативтер қашықтықтан оқытылатын болады.

 

 

 

 

Эльмира Садвокасова