МТРА жаңалықтары

Петропавлда болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Үкімет басшысының айтуынша, Петропавлда тұрмыстық газдың жарылуы, Жамбыл облысының Жаңатас қаласында және Қызылордада өрт шығу фактілеріне қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір оқыс оқиға орын алған орындарда өрт-техникалық, сот-медициналық және жарылыс-техникалық тексерулер жүргізілуде. “Оның қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады”,- деді Асқар Мамин. Еске сала кетейік, ақпанның 21-і күні Интернационал көшесіндегі жатақханада болған жарылыстың салдарынан 13 адам жарақат алып, 3 кісі қаза тапты.

Асқар Мамин – ҚР Премьер-Министрі:

– Тергеу іс-қимылдары аяқталғаннан кейін, тиісті лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне баға беріледі және олардың жауапкершілігі анықталады. Өрттер бойынша қылмыстық істерді тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауында тұр.

Жанна Бисенова