Спорт

“Барс” БК ел біріншілігінің жеңімпазы атанды

Солтүстікқазақстандық “Барыс” баскетбол клубы ел чемпион атанды.

Жергілікті ұжым біріншілікте 24 матч өткізіп, 21-інде жеңіске жетті. Теріскейлік команда үшін бұл жеңістің орны тым бөлек. Себебі, құрама өңір тарихында алғаш рет дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жарыста жеңіске жетіп отыр. Ел мерейін асырған спортшыларды облыс әкімі Құмар Ақсақалов өзінің фейсбук парақшасында құттықтады!

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

 

– Айта кету керек, біздің клубта легионерлер жоқ, барлығы – өзіміздің ойыншылар. Шақырылған спортшыларсыз жеңіске жетуге әбден болады. Мен баскетболшыларды және барлық спортсүйер қауымды маңызды жеңіспен құттықтаймын! “Барыс” -чемпион!

 

Алдияр Айтпаев