Мәдениет

Петропавлда “Ән салдырған домбыра” конкурс-фестивалі өтті

“Ән салдырған домбыра”. Дәл осындай атаумен қалалық мәдениет үйінде конкурс-фестиваль өтті.

Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған шараға 20-ға жуық теріскейлік талант иесі қатысты. Өнерпаздардың арасында мектеп оқушылары мен өнер колледжінің студенттерінен бөлек, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген жергілікті тұрғындар да болды. Шарт бойынша қатысушылар қазақтың қара домбырасымен құлақтың құрышын қандыра ән айтты, күмбірлете күй шертті. Шара соңында қазылар үздіктерді анықтап, жеңімпаздарды мақтау қағаздарымен марапаттады.

Жеңіс Қабдолбариев – “Теріскей” фольклорлық ансамблінің жетекшісі:

– Қатысушылар әр түрлі жас аралығында. Мәселен, 10 мен 14, 15 пен 25 және 25-тен асқан жерлестеріміз бар. Әрқайсысы “Күй” және “Домбырамен ән айту” жанрларында өнер көрсетті.

 Жанна Бисенова