Аптадағы маңызды жаңалықтарCOVID-19: Қазақстан

Өңірде коронавирусты жұқтыру қарқыны бәсеңсіді

Өңірде ковид-19-дың таралу деңгейі төмендеуде. Үстіміздегі аптаның 2 күнінде аймақ бойынша жаңа 25 жағдай тіркеліпті. Өткен жұманың сәйкес мерзімімен салыстырғанда көрсеткіш 35 пайызға кем.

Мамандардың сөзінше, бұл коронавирусты уақытылы анықтап, дер кезінде ем-дом тағайындаудың арқасында мүмкін болып отыр. Ал еліміздің өзге өңірлерінде жағдай мәз емес. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында індет өршіп тұр. Олар – қызыл аймақта. Ал Ақтөбе, Алматы мен Қарағанды сары аймаққа енген.

Эльмира Садвокасова