Ақжар ауданында қылмыс саны 41% азайған

Құқық қорғау органдары

21:29 25 Наурыз 2021

Былтыр Ақжар ауданында қылмыс саны азайған. Жергілікті тәртіп сақшыларының айтуынша, көрсеткіш 2019-бен салыстырғанда 41%-ға төмендеген.

Мұндай нәтижеге халық арасында белсенді түрде жүргізілген түсіндіру жұмыстарының арқасында қол жеткіздік дейді мамандар. Айта кетейік, өткен аптада облыстық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев Ақжар және Уәлиханов аудандарының тұрғындарымен жүздесіп, жергілікті тәртіп сақшыларының 1 жылда атқарған шаруаларымен танысқан еді. Жұмыс сапары барысында өңірдің бас полицейі қос ауданның мамандарына жаңа “102” мобильдік қосымшасының жұмыс істеу алгоритмін түсіндірді. Сонымен қатар, халыққа интернет алаяқтардың арбауынан сақтану жайлы жиі айту керектігін тапсырды. Себебі, бұл – қазіргі күні өршіп тұрған қылмыстардың бірі және көп жағдайда пысықайларды анықтау мүмкін болмай жатады. Жалпы айтар болсақ, қос ауданда да қылмыс фактілерінің азайғаны байқалады.

Руслан Әлижанов – Уәлиханов аудандық полиция бөлімінің бастығы:

– Интернет-алаяқтық әлі күнге дейін көп таралған қылмыстардың қатарына кіреді. Оның себебі де айқын. Карантин уақытында жұрттың көбісі жаппай онлайн сауда жасауға көшті. Мұны оңай жолмен ақша тапқысы келетін пысықайлар өз мақсаттарына пайдаланды. Былтыр ауданда мұндай 1 факті тіркелді. Дегенмен, профилактикалық шара ретінде халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Өткен жылғы жол жөндеу жұмыстарының сапасы талқыланды
Петропавлда ірі көлемде заңсыз ішімдік сатқандар ұсталды
Тұрғындар үй жануарларын серуендету ережесін сақтауы тиіс
Полицейлер 29 жастағы пәтер ұрысын қолға түсірді
Тергеуші мамандар марапатталды
Тайыншалық тұрғыннан 2 келіден аса есірткі тәркіленді
Петропавлда көршісінің тынышын қашырған жігіт жауапкершілікке тартылды
Масаң күйде көлік ұрлаған Бескөл тұрғыны ұсталды
Аз қамтылған отбасыларға арналған техника қолды болды
СҚО-да жыл басынан бері 200-ден астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген
Үш айда заңсыз айналымнан 25 келіден аса есірткі тәркіленген
Өңір полицейлері түнде ұрлыққа түскен қарақшыларды ұстады