COVID-19: Қазақстан

СҚО-да соңғы 1 тәулікте 21 адам коронавирус жұқтырып алған

Естеріңізге сала кетейік, теріскей өңірі ақпанның 21-і күні “жасыл аймаққа” енді. Бүгінде өлкедегі эпидахуалды тұрақты деп бағалануғда. Соңғы 1 аптада індетті жұқтыру жағдайлары 14 пайызға азайған. Дегенмен, облыстың санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова әлден жағаны жайлауға жібермей, сақтық таныту қажеттігін ескертті. Сол себепті, алдағы мерекелік іс-шараларды көппен бірге атап өтуге шектеу қойылып отыр.

Татьяна Горлова – СҚО санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Өткеннен сабақ алып отырмыз. Желтоқсан айында өңірде карантин қағидалары жеңілдетіліп, Жаңа жыл мерекесін тойлауға рұқсат берілген болатын. Салдарынан қаңтар айында індетті жұқтыру жағдайлары 42 пайызға көбейді. Аймақ тағы да “қызыл” зонаға кірді. Бұл жағдайды қайталамас үшін алдағы Наурыз мерекесін жаппай тойлауға тыйым салынады. Мереке күндері арнайы моноторингілік топ тексеріс жүргізеді.

 

 

Дана Ешкенова