Құқық қорғау органдары

Петропавлда карантин ережелерін бұзған мейрамханалар анықталды

Қалада тығылып той өткізген тойханалар анықталды. “Эмират” мейрамханасы карантиндік шектеулерді бірнеше рет бұзған.

Уақытқа қатысты шектеулер сақталмаған, қонақтар рұқсат етілген көлемнен көп қабылданған.
Сондай-ақ, “Созвездие” мейрамханасы мен “Аквамарин” моншасына қатысты да айып тағылып отыр. Бұл туралы тиісті материал жинақталып, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданған. Карантинді бұзған тұлғаларға айыппұл салынады.

Сейілбек Елжасов – қалалық ЖПҚБ бастығының орынбасары:

– Облыс орталығында ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 201 тәртіп бұзушылық тіркелді. Оның 38-іне кәсіпкерлік объектілер және 163-іне жеке тұлғалар жол берді. Ең көп таралған тәртіп бұзушылық маска режимін бұзу бойынша болды. 126 адам бұл тәртіпке бағынбаған.

 

 

Алдияр Айтпаев