Балалар

СҚО-да дүкендерден денсаулыққа қауіпті ойыншықтар табылды

СҚО-да дүкендерден денсаулыққа қауіпті ойыншықтар табылды. Олардың құрамында спирт, фенол сынды улы заттардың шамадан тыс көп екендігі анықталып отыр.

Облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің мамандары 200-ден астам ойыншықты сатып алып, зертханаға жіберген. Сараптама қорытындысы заттардың жартысына жуығы санитарлық талаптарға сай келмейтіндігін көрсеткен. Сондай-ақ, көбісі дұрыс таңбаланбапты. Яғни, қаптамаларда тауарды қайда және кім өндіргені, партия нөмірі мен жарамдылық мерзімі сынды ақпарат жазылмаған. Бұл өнімдердің барлығы дүкен сөрелерінен алынып тасталды.

Айнаш Сағандықова – СҚО санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің бас маманы:

– Жоғарыда айтылған ойыншықтар Петропавл қаласы және Есіл және Тимирязев аудандарында сатып алынды. 02:50 Олқылық анықталған ойыншықтардың барлығы – қытайлық өнім. 03:23 Мониторингтің қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылған және Санитариялық-эпидемиялогиялық комитетке хат жіберілді.

Жанна Бисенова