ТКШ

Шатырдағы қарды тазаламаған ПИК төрағаларына айыппұл салынады

Осы аптаның соңына қарай күн күрт жылиды деп күтілуде. Нәтижесінде қар еріп, ғимараттардың шатырының жиектерінде сүңгілер пайда болады. Ол адам өмірі үшін қауіпті.

Қалалық әкімдік өкілдері ПИК төрағаларына үйлердің төбесіндегі ақ ұлпаны уақытында тазалауды ескертуде. Егер ескерту еленбесе, жауапты тұлғаларға қомақты айыппұл салынуы мүмкін.

Анатолий Мишин – қала әкімінің кеңесшісі:

– Күн жылымай тұрып тазалау жұмыстарын аяқтау қажет. Кеше бұл жайлы қаладағы 280 пәтер иелері кооперативінің төрағаларына ескерту жасадық. Егер сүңгі құлап, оқыс оқиға орын алатын болса оған жауапты жандардың қатарына осы адамдар да кірмек.

Маржан Касымбек