БалаларҚұқық қорғау органдары

Оқушыларға жолда жүру ережелері түсіндірілді

Петропавл станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері оқушылармен кездесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Бүгін мамандар қалалық №32 орта мектебіне барып, балаларға қауіпсіздік ережелері жазылған жаднама қағаздар таратты.
Жуық арада оқушылар кезекті демалысқа шығады. Осы орайда оларға көшеде түнгі 11-ден кейін ата-аналарынсыз жүрмеу қажеттігі ескертілді. Жақында осы ережені елемей, түнде көше кезген бір петропавлдық жасөспірім учаскеге жеткізіліпті. Оның ата-анасына айыппұл салынды. Тәртіп сақшыларының оқушыларға арналған түсіндіру жұмыстары наурыздың 19-ына дейін жалғасады.

Ұлжан Жорақұлова – Петропавл станциясындағы ЖПБ аға инспекторы:

– Баланың қайда жүргенін, кіммен жүргенін қадағалап отыру керек. Көбісі интернетте көп отырады. Оны да назардан тыс шығармау керек. Ата-аналар балаларымен жиі әңгімелесіп, қарапайым қауіпсіздік қағидалары туралы жиі айтып отырса екен дейміз.

 

Алдияр Айтпаев