МТРА жаңалықтары

Жұмысшы кентінің тұрғындары қоқыс шығару қызметінің құнын төлеуге міндеттеледі

Жұмысшы кентінің тұрғындары қоқыс шығару қызметінің құнын төлеуге міндеттеледі. Бұл өзгеріс сәуірдің бірінен бастап күшіне енеді.

Бұған дейін аталған қызмет құнын кенттегі 23 мың тұрғынның тек жартысына жуығы ғана төлеп келген. Өзгелері жауапты кәсіпорынмен келісім шарт жасасудан бас тартқан. Есесіне тұрмыстық қалдықтарды біреудің жәшігіне немесе жақын жердегі шұңқырларға тастау жағдайлары жиілеген. Мәселені шешу үшін жеке сектор тұрғындарынан жаппай төлем алу туралы шешім қабылданды. Енді ауданға қосымша контейнерлер қойылмақ. Негізі, Жұмысшы кентінде 130-ға жуық арнайы контейнер бар, алдағы уақытта тағы 90-ы орнатылады деп көзделіп отыр.

Мұхит Молдахметұлы – “Коммунхоз” ЖШС директоры:

– Бүгінде Жұмысшы кентінде 23 мың адам тұрады. Оның тек 6,5 мыңнан астамы бізбен келісім шарт жасасып, қызметіміз үшін ақша төлеп отыр. Ал халықтың қалған бөлігі қызметімізді қаржы төлемей пайдаланып отыр. Енді әрбір азамат ай сайын 235 теңге төлеп отыруы тиіс.

Жанна Бисенова