Денсаулық сақтау

Петропалда елордалық дәрігерлер қабылдау өткізді

Білікті кардиолог, кардиохург және жүрекке эхокардиографиялық тексеріс жүргізетін маманға қаралу үшін бүгін біраз адам жиналды. Нұр-сұлтандық ақ халаттылар тұрғындармен тілдесіп, консультация берді. Негізі, мамандар солтүстік өңірде медицинаның қарқынды дамып келе жатқандығын тілге тиек етті. Дегенмен, жүрек-қан тамырлары дертіне қатысты оталардың кейбіреуі бізде әлі жасалмайды. Сол себепті, жағдайы ауыр деп бағаланған жандарға Нұр-Сұлтан қаласында ота жасатуға жолдама берілген.

Ержан Сапарбай – «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ кардиохирургі, Нұр-Сұлтан қаласы:

– Біздің мақсатымыз – Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Біз 3 күннің ішінде 100-ден астам науқасты қабылдадық. Солтүстік өңірге Ұлттық ғылыми медициналық орталығының атынан алғаш рет келіп отырмыз. Алдағы уақытта қабылдауды жиі өткізіп тұруды жоспарлап отырмыз.

 

 

Жанна Бисенова