Спорт

“Qulager” ХК өз айдынында “Горняк” құрамасын қабылдады

“Qulager” ХК өз айдынында “Горняк” құрамасын қабылдады. Қос кездесуде де жерлестеріміз жеңіске жетті.

Алғашқы кездесудің 1-ші минуттарынан-ақ теріскейліктер қарсыластарын қыспаққа алды. Бірінші периодта қос құрама 1 де 1 есебімен тарқасты. Екінші 20 минуттықта таблодағы есеп өзгермеді. Ал соңғы кезеңде солтүстікқазақстандықтар екі ұпай айырмасымен алға шықты. Осылайша матч 3 те 1 есебімен аяқталды. Бұл кездесуде Дмитрий Исмагилов пен Кирилл Власов дубль авторы атанып көзге түсті. Ал қарымта ойынның негізгі уақытында құрамалар 1 де 1 есебімен тарқасты. Жеңімпаз буллиттер сериясында ғана анықталды. Бұнда Максим Первухиннің салған шайбысы құлагерліктерге жеңіс сыйлады. Есеп 2:1. Естеріңізге сала кетсек, пандемияға байланысты араға бір жыл салып матч осы жолы барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра көрермендердің қатысуымен өтті.

“Qulager”-дің келесі қарсыласы – қарағандылық “Сарыарқа”. Кездесу наурыздың 13-і мен 14-і күндері Петропавлда өтеді.

 

 

 

Алдияр Айтпаев