Konstitutsia banner mobile

Денсаулық сақтау

Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Балабақшалардың толық құрамда жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Енді кезекші топтар ғана емес, балабақшаға балалардың барлығы келе алады. Тек ата-аналарға ішке кірулеріне тыйым салынған. Оқушы саны 300-ден аспайтын мектептер де оқудың дәстүрлі қалпына қайта оралады. Егер бала саны 300-ден көп болса сабақ беру барысы аралас форматта жүргізіледі. Білім беру нысандарында әлі де ауқымды іс-шара өткізуге болмайды. Бейінді департамент басшысының міндетін атқарушы Татьяна Горлованың айтуынша өңірде карантинге қойылған мектептер бар.

Татьяна Горлова – СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– Санитарлық талаптардың қатаң сақталуына қарамастан өңір бойынша 5 мектеп әлі де карантинде. 4-уі – Қызылжар ауданының, біреуі – Ғ.Мүсірепов ауданының білім ошағы. Жалпы, 1-ші қыркүйектен бастап коронавирус 633 оқушының бойынан табылды. Соңғы күндері шәкірттер арасында COVID-19-ға шалдығу жағдайлары тіркелген жоқ. Дегенмен, білім беру ошақтарында маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтап жүру керек.

 

Жанна Бисенова