Қоғам

Молдова елінен солтүстікқазақстандық батырдың денесі табылды

Молдовадағы Войнесху деп аталатын елді мекен маңында «Август» жасағы іздеу жұмыстарын жүргізіп, 7 солдаттың денесін табады. Арасында 1909 жылы туылған Иван Романович Черёдник те бар. Соғыс ардагерінің үлкен немересі Владимир Черёдниктің айтуынша атасының аты-жөні бірге көмілген медаль арқылы анықталған. Жауынгердің 3 баладан тараған ұрпақтары аталарының денесін өңірге әкеліп жерлеу үшін тиісті құжаттарды рәсімдеп жатырмыз дейді.

Владимир Черёдник – ҰОС ардагері Иван Черёдниктің немересі:

– 8-ші наурыздың алдында бізге Молдова елінен мамандар хабарласып, атамыздың сүйегі табылғаны жайлы айтты. Ол кісі соғыста көптеген ерлік көрсетіпті. Соңғысы 44-ші жылы 27-ші тамыз күні болған. Атамыз пулеметші болған. 4 күн бойы Кокочень селосының маңында фашистерге оқты қарша боратып, қарсыластың 15 солдатын өлтірген. Кейін өзі де сол жерде қаза тапқан. Сол үшін “Отан соғысы” орденімен марапатталыпты.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан