Ауыл шаруашылығы

Биыл өңірде 4 млн гектардан астам алқапқа дән сіңіріледі

Биыл тұқым қорын жаңарту мақсатында қосымша элиталық 20 мың тонна тұқым жеткізілмек. Ауылшаруашылық машина-техника паркі біраз жаңартылған. Өткен жылдың өзінде өңір агроқұрылымдары жалпы сомасы 50 млрд 900 млн теңгенің техникасын сатып алған. Барлығы – 2085 бірлік. Биыл да тағы 2 мыңнан астам техника сатып алынбақ.

Осы жолы алқаптарға себілетін минералды тыңайтқыш көлемін 160 мың тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр. Ерболат Бекшенов ауыл шаруашылығы саласында қолға алынған жобалар жайлы да тоқталып өтті. Айтуынша, үстіміздегі жылы 2 бірдей ірі құс фабрикасы салынбақ. Сондай-ақ, алға қойылған тағы бірқатар маңызды межелер бар.

Ерболат Бекшенов – СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

– 2021 жылы 633,5 мың тонна сүт өндіру жоспарлануда (өсім – 6%). Сүт өндірісінің көрсетілген көлемі өткен жылдары пайдалануға берілген сүт кешендерінде сүт өндіру көлемінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілетін болады. Етті мал шаруашылығын дамыту үшін 13 мың орынға 2 ірі бордақылау алаңын ұйымдастыру бойынша жұмыс басталды.

 

Дана Ешкенова