Әр түрлі

Биыл аграрийлерге 380 мың тонна дизельді отын жеңілдікпен беріледі

Энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктері көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге арналған дизельді отынды жеткізу кестесін бекітті. Биыл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 380 мың тонна дизель отыны жеңілдікпен беріледі.

Павлодар мен Шымкент мұнай өндеу зауыттарынан жеткізілетін бір тонна өнімнің құны – 174 мың, ал атыраулық түрінің бағасы бір тонна үшін 172 мың теңгені құрамақ. Бұл жанармай құю станцияларындағы бағадан 13-14%-ға төмен. Яғни, дизельді отын аграрийлерге 21-22 теңгеге арзанға түспек.

 

 

Эльмира Садвокасова