Құқық қорғау органдары

СҚО-да сібір елігін заңсыз атқан браконьерлер ұсталды

СҚО-да заңсыз аң аулау фактілері тыйылар емес. Жыл басынан бері өңір полицейлері 2 браконьерлік қылмысты әшкерелеген. Соңғы заңбұзушылық кеше кешке орын алды.

Тайынша ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғандарының бірі хабарласып, жақын маңда мылтықтың атылған дыбысын естігенін айтқан. Тәртіп сақшылары оқиға орнына тез арада жетіп, тексеріс жүргізіпті. Нәтижесінде аумақтан сібір елігінің өлі денесін тапқан және күдікті 2 адамды құрықтаған. Сол жерде екеуінен қару, атылған 2 гильза мен қарда жүретін техника тәркіленіп алынады. Қос күдікті қамауға алынды. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 337-бабы “Заңсыз аңшылық” бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

 

 

 

Дана Ешкенова