Ауыл шаруашылығы

Ірі қара мен алқаптарды ерікті сақтандыру

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің құлағына алтын сырға. Ірі қара мен алқаптарды ерікті сақтандыру жалғасып жатыр. Бұл ретте жермен жұмыс істейтін кәсіпкерлерге асыққан жөн. Алтын дәнге арналған гектарларды құрғақшылықтан сақтандыру үшін өтініш сәуірдің 15-іне дейін қабылданады. Ал ылғалдың шамадан тыс болуы салдарынан өнімнен айырылып қалудан қорғануға әлі уақыт бар. Арызды тамыздың 15-іне дейін жазу керек. Барлық үрдіс Qoldau.kz электрондық платформасы арқылы жүзеге асырылады. Айта кету қажет, сақтандыруға дәнді дақылдардан – бидай, арпа, сұлы мен жүгері, майлыдан күнбағыс, рапс пен зығыр ғана жатады. Алқаптағы астықтың құрғақшылықтан немесе тым көп жауған жауын-шашын салдарынан құрғап қалуы қалай тексерілмек? Бұл ретте мамандар жерді қашықтықтан зондтау көздеріне жүгінеді. Өсімдік шаруашылығынан бөлек, ірі қараны да сақтандыруға мүмкіндік бар.

Әсел Ибраева – “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ СҚОФ бөлім басшысы:


– Мал шаруашылығында сақтандырудың екі түрі бар: қарапайым және кеңейтілген. Біріншісіне сәйкес, фермер өзге қауіп-қатерден бөлек, аурудан қырылып қалған ірі қара үшін төлемақы алады. Бірақ, бұл ретте дерт шаруашылықтың өз аумағында тіркелуі тиіс. Ал келесі жағдайда – яғни, мал радиусы 5 шақырым жерде орналасқан фермерлік нысандардағы індеттерден сақтандырылады.

 

 

Эльмира Садвокасова