Әр түрлі

30 шетілдік фармацевтикалық компания өз өндірісін Қазақстанда жүргізбек

Бұл туралы инвестклиматты жақсарту жөніндегі кеңес отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты”,- деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі. Пандемия және өзге де эпидемиологиялық қатерлермен күрес үшін фармацевтикалық және медициналық өндірісті дамыту бойынша кешенді жоспар қабылданды. Маңызды құжат негізінде 2025 жылға қарай шығарылатын отандық препараттардың көлемін 2,5 есеге арттыру көзделіп отыр. Осылайша ішкі нарықтағы үлесі 50 пайызға дейін артпақ. Мақсатқа жету жолында бірқатар шаралар қолға алынбақ. Мәселен, әлеуеті жоғары бағыттар анықталады, клиникалық және оған дейінгі сынақты жүргізген бизнес өкілдерінің шығыны өтеледі. Сондай-ақ, медициналық өнімді таңбалау мен логистиканың әр кезеңін бақылауды енгізу де жоспарда бар.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

– Еліміздегі фармацевтикалық өндірісті дамыту бойынша жоспарларды орындаудағы маңызды құрал – инвестиция тарту. Қазақстанға 30 шетелдік компанияны тартуды көздеп отырмыз. Олар өздерінің медициналық препараттарын біздің елде шығаратын болады.

Эльмира Садвокасова