Су тасқыны

“Көктем-2021” оқу-жаттығу жиыны аяқталды

Бұл жолы құтқарушылар  қызыл судың алдын алу шараларының бірі ретінде  қар тазалауға басымдық берген болатын. Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпарға сәйкес, екі күннің ішінде елді мекендерден 100 мың текше метр қар шығарылған. 90-нан астам үйдің ауласы ақ ұлпадан тазартылды. Жергілікті құтқарушылар қауырт маусым алдында 48 арық, 23 су құбыры мен 45 су өткізгіш құрылым қалыпқа келтірілді. Бөгеттердің 700 метрі жөнделді. Оқу-жаттығу жиыны кезінде шаруаның дені Қызылжар мен Аққайың аудандарында жүргізілді.

Рүстем Елубаев – Аққайың ауданының әкімі:

– Аққайың ауданында су тасқынының алдын алуға жұмылдырылатын барлық тиісті техника бар. Шынжырлы экскаватор мен тракторлар сақадай сай тұр. Олардың барлығын жанар-жағармаймен қамту үшін ауданға 15 млн теңге қаржы бағытталып отыр.

 

Дана Ешкенова