Өңірде “Көктем-2021” оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр

ТЖД, Су тасқыны

20:57 4 Наурыз 2021

Бәйтерек ауылы Есіл өзеніне жақын орналасқан. Өзен арнасынан тасыса су басуы ықтимал. Қызыл су Есілден ғана емес, есіктің қасындағы қардан да жиналуы мүмкін. Оппа қар, аяқ алып жүргісіз. Қауіпті сейілту үшін ең алдымен үйдің алдындағы үйілген қарды сыртқа шығару керек.

Бүгінде бүкіл ауданнан 15 мың текше метр ақ ұлпа шығарылған. Оның қайда апарып төгілетіні белгісіз. Бастысы, сол қар еріп, қайта қайтып келмесе игі. Құтқарушылардың айтуынша, Қызылжар ауданында Есілге жақын орналасқан 15 ауылды су басу қаупі бар. Ал облыс бойынша бұл сан 79-ды құрап отыр.

Аслан Ахметжанов – Қызылжар ауданы ТЖ бөлімінің бастығы:

– Қызыл су басқан жағдайда 2 мың адам эвакуацияланады. Оларға арналып 12 қосын әзірледік. Тағы 12-сі резервте тұр. Биылғы қауырт маусымда аудан бойынша 150-ге жуық құтқарушы мен 120-ға жуық техника күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады.

Құтқарушылар өңірде қар тазалаудан бөлек, алқаптарды қарайту жұмыстары да жүргізіліп жатыр деді. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметшісі Евгений Журавлевтің айтуынша бұл – қарды үстінен сыпырып қана алмай, қырып тұрып қара жерге дейін тазалау. Есесіне, топырақ тез жібіп, еріген қар суын тез сіңіріп алады. Әзірге, мұндай жұмыс Қызылжар ауданында ғана қолға алынған. Барлығы 15 шақырымдық аумақ қамтылған. Мамандар күшейтілген жұмыс тәртібіне наурыздың 25-сінен бастап көшуді көздеп отыр.

Мұрат Қанғожинов – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Мың жарымға жуық техника сақадай сай тұр. 325 жылыту қосыны әзірленді. Дені мектептерде орналасқан. Сондай-ақ, Тепличное мен Прибрежное селоларында су тасқынынан қорған ретінде жасалған топырақ үйінділерін нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін арнайы инертті материал пайдаланылады.

Айта кетейік, “Көктем-2021” оқу-жаттығу жиыны 2 күнге жалғаспақ. Құтқарушылар бүгін қар тазалау жұмыстарының сапасын байқаса, ертеңгі күндері дайындықтарын пысықтап, техникаларының мүмкіндіктерін бағамдайды.

 

 

 

 

Дана Ешкенова

 

Бұдан әрі оқыңыз

Жұмысшы кентінде өрттен 2 адам қаза тапты
Құтқарушылар 18 қабатты үйде оқу-жаттығу жиынын өткізді
Құтқарушылар өзен-көлдерде кезекті мәрте рейд өткізді
Өңірде өрт тыйылмай тұр
Немересін судан құтқарып, өзі батып кетті
Шаһарда өрт сөндірушілер арасында жарыс өтті
Құтқарушылар балаларға суда жүзуді үйретті
“Семейный” сауда үйінен өрт шықты
Петропавлда екі қабатты нысаннан өрт шықты
Айыртау ауданында орманды алқаптан өрт шықты
Өткен демалыс күндері өңірде 4 адам суға кеткен