Облыстық мәслихат депутаттары мектептерді аралады

МТРА жаңалықтары

20:56 4 Наурыз 2021

Білім ұсянының дәл жанынан 3 жыл бұрын “Радуга” серіктестігі колледж ашқан болатын. 20-ға жуық жас мұнда кәсіпорынға қажетті мамандықтар бойынша сабақ алуда. Аптаның 4 күнінде өндіріс орнының өзіне де барып, тәжірибе жинақтауға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, колледж оқытушылары мектеп оқушыларына қосымша дәрістер де ұйымдастырып тұрады. Бұл – ақылы түрде. Одан соң депутаттар Қызылжар Абай орта мектебін де аралады. Былтыр сенімді басқаруға берілген мекеме толығымен жаңғыртудан өткен. Бұл мақсатқа 300 млн теңге жұмсалыпты. Заманауи оқыту жүйесі де енгізілген. Сыныптар соңғы үлгідегі оқу құралдарымен жабдықталған.

Бауыржан Төленов – “Қызылжар Абай орта мектебі” ҚҚ директоры:

– Жылу жүйесі, шатыры бәрі өзгертілді. Жаңа оқу жылында толық жаңартылған мектепке келді. НЗМ серіктестік жасап, ондағы жаңашылдықтарды біз де қолданамыз. Мұғалімдер де үйреніп жатыр.

Еркебұлан Мамбетов – облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы:

– Жақсы жағдай жасалған. Бәрі заманауи. Балалардың көзі жанып тұр.  Бірінші мектепті жекеменшікке беруде біраз сұрақтар туындап жатыр. Оларды алдағы сессияда қарастырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

2021 жылғы 22 қыркүйектегі “МТРА жаңалықтары” қорытынды ақпараттық бағдарламасы
2021 жылғы 13 қыркүйектегі “МТРА жаңалықтары” қорытынды ақпараттық бағдарламасы
Б.Мусин: Қазақстанның Еуразия орталығында цифрлық хабқа айналуға нақты мүмкіндігі бар
СҚО-да «Еңбек» бағдарламасы аясында 700-ге жуық адам өз ісін ашқан
СҚО мен ЕАЭО елдерінің сауда-саттығы артуда
Муниципалдық телеарнаға – 23 жыл