Ауа райы

Наурыз айына арналған ауа райы болжамы

Наурыз айында ауа райы құбылмалы болады. Күн бірде жылып, бірде суытады. Қар жауады, тұман түседі, бұрқасын көтеріледі. Көктайғақ та кездесуі мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Тұрақты жылы күндер наурыздың соңына жақын байқалады деді Қазгидромет мамандары.

Гүлзат Ғазизова, “Қазгидромет” АҚ СҚОФ бөлім басшысы:

– Наурыздың үшінші онкүндігінде ауа температурасы түнде -1 мен +4, күндіз +3-8 градусқа дейін жоғарылайды. Кейін сынап бағанасы түнде -5-10, кей жерлерде -15 градусты, ал күндіз 0,-5 градусты көрсетеді. Онкүндіктің соңында ауа температруасы түнде 0,-5 градус, күндіз +3-8 градусқа дейін көтеріледі.

 

 

 

 

 

Жанна Бисенова