Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірде 79 елді мекенді су басу қаупі бар

Қыстың 2 айы бірқалыпты өтті. Күн суық болғанымен, қар айтарлықтай көп жауған жоқ. Қыс есесін ақпанда қайтарғандай. Жиі қар жауды, боран соқты. Түскен ақ ұлпаның көлемі өткен жылғы нормадан 36 пайызға көп дейді Қазгидрометтің мамандары. Көңіл күпті. Наурыздағы жағдай қандай болмақ?

Қымбат Мерғалимова – «Қазгидромет» РММ СҚОФ директоры:

– Прогнозируется неустойчивый характер погоды. Ожидается осадки, усиления ветра с метелью. Туманы и гололедный явления.

Су қоймаларына тоқталатын болсақ, Сергеевкадағы нысан – 88 пайызға, ал Сілеті су қоймасы ылғалға 68 пайызға толып тұр. Өңірдің кей жейлерінде тоңның қалыңдығы 1 жарым метрді құрайды. Егер күн күрт жылыса су тасқыны болуы мүмкін. Халқы 6 мыңға жететін 79 елді мекенге су келеді деген қауіп бар. Бұдан бөлек 92 ауыл жіті бақылауда болмақ. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов осыған байланысты тиісті іс-шараларды қолға алуда тапсырды.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Қардың биіктігі 18-51 см аралығында. Ғ.Мүсірепов, Айыртау және Шал ақын аудандарында нормадан 2 есеге артық. Сондықтан, көршілес облыстармен жедел іс-қимыл орнатуды тапсырамын. Жағдай ушыққан кезде Ақмола облысынан барлық күш тартылады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рамиль Камаловтың айтуынша жергілікті құтқарушылар су тасқынына дайындықты қаңтардан бері жүргізіп жатыр. Қажет болса 500-ге маман тартылады. 150-ден астам арнайы техника сақадай сай тұр. Сондай-ақ, 8 жүзу құралы, 83 мотопомпа бар.
Рамиль Камалов қардың уақытында шығарылуы су тасқынының алдын алудағы тиімді шаралардың бірі деді. Облыс бойынша елді мекен ішінен шығарылған қардың көлемі 800 мың текше метрге жуықтайды. Бірақ, оның өзі аз көрінеді.

Рамиль Камалов – СҚО ТЖД бастығы:

– 9 ауданда қар дұрыс тазаланбай жатыр. Айыртау, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев, Жамбыл, Есіл және Ақжар аудандарында бұл бағытта жұмыс ақсап тұр. Ал Уәлиханов пен Тимирязев аудандарында қар шығару жұмыстарының сапасы тіпті нашар.

Енді қаладағы жағдай. Су басу қаупі ауылдардан өзге, Петропавлдың шеткі бөліктеріне де төніп тұр. 240 баспананы су басуы мүмкін. Осыған байланысты қар тазалау жұмыстарына қарқын қосу қажет делінді. Яғни, облыстық бюджеттен үстемелеп тағы ақша бөлінбек. Қажет болған жағдайда арнайы сору құралдары орнатылады.

Болат Жұмабеков – Петропавл қаласының әкімі:

– Былтыр 13 жерге суды соруға арналған колонка қойылған болатын. Әсіресе, Қапай шағын ауданына ерекше көңіл бөлініп отыр. Сондай-ақ, 180-ге жуық техника сақадай сай тұр. Шеттегі жер үйлерді су баспас үшін тиісті шараларды қолға аламыз.

Жануарлардың да жағдайын ойлау қажет. Кей ауыл тұрғындары алдын ала ескертуге қарамай, малын өзен-көлдің жағасына жібереді. Кенеттен су келген кезде төрт түлігі сумен бірге кетіп, иелері әбден әбігерге түсуі мүммкін.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Целыми табунами искали, потом не могли до них доехать. Были, к сожалению, и факты гибели скота, который остался без присмотра на полях. Заранее акимам районов вместе с акимами сельских округов отработать и не допускать таких мер. Мы примерно уже видим сценарий развития ситуации.

Адамдарды эвакуациялау шараларын да егжей-тегжейлі қарастырып, арнайы орындарды қазірден бастап әзірлеп қою қажет деді өңір жетекшісі. Әсіресе, денсаулығында кінәраты бар жандар, қарттар мен балаларға жіті назар аударылады. Ал волонтерлік ұйымдарды қар тазалау жұмыстарына көптеп тарту қажет делінді. Ең алдымен жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдемдесуді тапсырды Құмар Ақсақалов.

 

 

 

 

Маржан Касымбек