Көлік және жолдар

Есіл өзеніндегі көпір жаңғыртылады

Петропавлдың шыға берісіндегі көпір жаңғыртылады. Есіл өзені арқылы өтетін көпірді жаңалауға 18 млрд теңге қарастырылып отыр. Осы қаражатқа нысанның төңірегіндегі 8 шақырым жол да жөндеу көрмек.

Көпір 350 метрге дейін ұзартылады, ал ені 30 метрге дейін кеңейтіледі. Көлік қозғалысына арналған 4 жолақ болады. Сол көпірден бастап Жас өркен шағын ауданына дейінгі аралықты 2 метрге дейін көтеру жоспарлануда. Өзен жақ бетіне бетондар қойылады. Бұл тасыған суға қарсы нығыз қорған болмақ. Әзірге, бұл жұмыстарды атқаратын мердігер анықталған жоқ. Мердігерлер арасында тендер наурыздың 9-ы ойнатылатын болады.

 

 

 

Дана Ешкенова