Спорт

“Qulager” ХК кезекті жеңісіне қол жеткізді

“Qulager” ХК алғашқы ойында атыраулық “Бейбарыс” командасын тізе бүктірді.

Қос құрама арасындағы кездесу кеше Атырауда өтті. Алғашқы екі периодта таблодағы есеп өзгерген жоқ. Тек соңғы 20 минуттықта Дмитрий Исмагилов көзге түсіп, есеп ашты. Бірақ, араға бір минут салып, атыраулық ойыншы есепті теңестіріп кетті. Осылайша кіл мықтыны буллит арқылы анықтауға тура келді. Буллит сериясында теріскейлік ұжымның асығы алшысынан түсті. Есеп 1:2. Қос құрама арасындағы қарымта матч бүгін өтпек. Әзірге, солтүстікқазақстандық ұжым турнирлік кестеде – 70 ұпаймен 7-ші орында.

 

 

 

Алдияр Айтпаев