Балалар

Балалардың робототехникаға деген қызығушылығы артуда

Бүгінде Оқушылар сарайында 85 үйірме жұмыс істейді. Оған 2 мыңға жуық бала барып жүр. Робототехника мен мехатроникаға қызығушылығы бар оқушылар арнайы зертханада еңбектенеді. Бөлме бірнеше аймаққа бөлінген: автоматикалық мехатронды жүйелер, электромобильдер мен робототехника құрылымы жүйесі. Мұнда келушілер құлтемірді кішкентай темір-терсегінен бастап өздері құрастырады. Жұмыс барысында арнайы бақылаушы құралдарды пайдаланады. Оларды да өздері бағдарлап, жетілдіреді. Жетекшілері Дмитрий Алёшиннің айтуынша, робототехниканың қыр-сырын үйренемін дейтін жандарға есік әрдайым ашық. Қазір мұнда 10-ға жуық адам келіп жүр. Жеткіншектерден бөлек, ересектер де құлтемір құрастырумен айналысуда.

Дмитрий Алёшин – Оқушылар сарайының оқытушысы:

 – Ең алдымен қарапайым құрылымдар әзірлейміз. Кейін әрқайсысын жетілдіріп, одан құлтемір құрастырамыз. Бұл жөнінде ғылыми жоба жазып, бағымызды сынау мақсатымен үнемі түрлі байқауларға жолдап тұрамыз.

Жанна Бисенова