МТРА жаңалықтары

“Nur Otan” партиясының құрылғанына – 22 жыл

YouTube Embed: No video/playlist ID has been supplied

[https://youtu.be/u8nkohvQCps/youtube]

Наурыздың 1-і күні “Nur Otan” партиясы өзінің төл мерекесін атап өтуде. Биыл бас партияның құрылғанына 22 жыл толып отыр.

Осы орайда өткен аптаның жұмасында нұротандық 5 белсендіге дипломдар табысталды. Сондай-ақ, бұл күні партия қатарына 8 солтүстікқазақстандық қабылданды. Олар – “Jas Otan” ұйымының қатарында болған азаматтар мен “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің мамандары. Бүгінде өңірде “Nur Otan” партиясына 26 мыңнан астам адам мүшелік етеді.

Ілияс Сабдинов – “Nur Otan” партиясы СҚОФ баспасөз хатшысы:

 – Партия қатарына кез келген жанның кіру мүмкіншілігі бар. Тек өзімен бірге өтініш қағазы мен партияның 2 өкілінен ұсыныс хаты болуы шарт. Бүгін ұйым қатарына қабылданған жаңа мүшелер қоғамға өз пайдасын тигізіп, жұмыстарын адал атқарады деген сенімдеміз.

 

 

 

Алдияр Айтпаев